
Орман өрттері бірқатар себептерге байланысты пайда болады. Олардың ішіндегі ең көп тарағаны - ормандағы өрт қауіпсіздігінің негізгі шараларын сақтамайтын адамның қызметі. Барлық өрттің негізгі бөлігі қоқыстың, ауылшаруашылығы алқаптарында шөп қалдықтарының өртенуі нәтижесінде пайда болады дейді мамандар. Ашық ауа-райында күн сәулесі түскен қарапайым шыны өрт тудыруы мүмкін. Орманда мұндай заттар көбінесе әртүрлі пикниктер мен серуендерден кейін қалып жатады. Өрттің ең көп таралған себебі - лақтырылған сіріңкелер мен темекі тұқылдары, жанғыш материалдар сіңген шүберектер. Аң аулауды ұнататын адамдар орман алқаптарына зиян келтіруі мүмкін: мылтықтан ұшқан ұшқын құрғақ шөпті өртеп жіберуі мүмкін.
Көбінесе орман өрттері сөндірілмеген оттан және жел шырып әкелген ұшқыннан туындайды. Өрт әсіресе орманның құрғақ қоқысымен тез таралады, өскінді, өлі ағашты күйдіреді. Мұндай өрттер төменгі өрттер деп аталады, олар барлық өрттердің негізгі бөлігін құрайды. Мұндай өрттердің қауіптілігі - оларды оқшаулау қиын, алайда ағаштардың тәждеріне өте тез таралады.
Статистика көрсеткендей, ормандардағы өрттердің көпшілігі демалыс күндері, халық табиғатқа шыққан кезде тіркеледі. Көбінесе мұндай демалыс жасыл кеңістіктер үшін қайғылы аяқталады. Сондықтан, көптеген аймақтарда, әсіресе орман өрттерінің қаупі жоғары жерлерде төтенше жағдай режимі және ормандарға баруға тыйым салынады. Бұл жағдайда халықты хабардар ету БАҚ арқылы және орман аймақтарына кіруге тыйым салу белгілерін орнату арқылы жүзеге асырылады.
2023 жылғы өрт қауіпті маусымында Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орман қоры аумағында орман өрттерінің 14 жағдайы тіркелді, орман өрттерінің жалпы ауданы 57,7 га құрайды. Залал 4 млн.теңгеден асты.
Алайда адам әрқашан орман өрттерінің себебі бола бермейді. Көбінесе өрт ағаштар мен шөптердің бықсуынан өздігінен пайда болады. Табиғи құбылыстар - найзағай, жоғары температура, қатты жел өрт тудыруы мүмкін. Бұл жағдайда, егер оның аумағы шағын болса өрт ошағын өзіңіз жоюға тырысуға болады, ал өрттің ауқымы үлкен болса, құтқарушыларды шақыру қажет.
СҚО ТЖД баспасөз қызметі