
2023 жылғы 29 мамырда Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағымен бірлесіп, Райымбек батыр атындағы 61993 әскери бөлімінің мерзімді қызметтің әскери қызметшілері, келісімшарт бойынша және офицерлік құрамы үшін азаматтық қорғау саласында көшпелі сабақ өткізді.
Сабақ шеңберінде ТЖД қызметкерлері әскери қызметкерлеріне жер сілкінісіне дейінгі, жер сілкінісі кезінде және одан кейінгі іс-қимылдарды, ТЖ жағдайындағы дабыл шабаданын жинақтау жәйлі егжей-тегжейлі түсіндірді, сондай-ақ ТЖ кезінде зардап шеккен халықты қабылдау пункттері туралы ақпаратты жеткізді, олар Алматы ҚЖА 2 платформасында, ТЖД ресми сайттарында және Алматы қаласы аудан әкімдіктерінде орналастырылған.
РҚЖҚ құтқарушылары өз кезегінде әртүрлі төтенше жағдайларда адамдарды іздеу және құтқару кезінде қолданылатын құтқару (альпинизм, сүңгуір) жабдықтармен, авариялық-құтқару құралдарымен және кинологиялық есептеулермен таныстырды.
Әскери қызметкерлері үшін сабақ өте қызықты және пайдалы болды, Академия әскери қызметшілері алған білімдері үшін алғыстарын білдірді.
Бекіту үшін әрбір әскери қызметкерлеріне 3000 дана көлемінде «Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам», «Құрылымдық емес сейсмикалық күшейту» және «Дабыл чемоданын жинақтау» жадынамалары табыс етілді.
Сабаққа барлығы 1000-ға жуық адам қатысты.
Алматы қаласы ТЖД
баспасөз қызметі