Атыраулық өрт сөндіруші Азия Чемпионатында пауэрлифтингтен 3 орынға ие болды

Атыраулық өрт сөндіруші Азия Чемпионатында пауэрлифтингтен 3 орынға ие болды

Ағымдағы жылдың 28 мамыр күні Алматы қаласында Азия Чемпионатының жарысы өтті. Азия Чемпионатына Республиканың түкпір-түкпірінен 600-ге жуық спорт шеберлері қатысты. Чемпионат барлық салмақ дәрежесі бойынша өтті. Бірнеше күнге созылған жарыста спортшылар күштік спорт түрлері бойынша жарысқа түсті. Тартысқа толы бәсекеде Атырау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ Құрманғазы аудандық №7 ӨСБ аға өрт сөндірушісі азаматтық қорғау сержанты Бралин Ерсейіт Нұрмұхамбетұлы пауэрлифтинг бойынша қатысып, 100 кг салмақ дәрежесінде 720 кг нәтижесімен 3 орынға ие болды. Бұған дейн де бірнеше жарыстардың чемпионы атанып жүрген Ерсейіт Нұрмұхамбетұлы үшін пауэрлифтинг - бұл спорт қана емес, сонымен қатар салауатты өмір салты.

Сонымен қатар ол пауэрлифтинг спорт түрінен "Қазақстан Республикасының спорт шебері" атағына ие болды. 

Атырау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ

Қоғаммен байланыс тобы