
Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті, Жетісу облысы «AMANAT» партиясы Жастар Рухы ЖҚ бірлесіп, «Жас құтқарушылар» жасағының мүшелері арасында өрт-құтқару спорты бойынша жарыс өткізді. Жарыстың негізгі мақсаты: төтенше жағдайлар туындаған кезде дұрыс мінез-құлық дағдыларына үйрету және зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету, балалар мен жастар арасында салауатты және қауіпсіз өмір салтын насихаттау, жеке және ұжымдық қауіпсіздік мәселелеріне саналы және жауапты қатынасты қалыптастыру.
Жас құтқарушылар жасақтарын дайындау жүйесінде өрт-құтқару спорты маңызды орын алады. Ол балалардың бойында ептілік пен шыдамдылықты, батылдық пен ерлікті дамытады, өрт сөндіру жағдайында жылдам бағдарлау дағдыларын тәрбиелейді.
Жарыс төрағасы - Жетісу облысы ТЖД бастығы полковник Б.Ш. Ізбасаров жарысты ашып, барлық қатысушыларды олардың басталуымен құттықтап, оларға үлкен табыстар мен жеңістер тіледі.
Жарысқа Жетісу облысының аудандары мен қалаларынан 8 команда қатысты.
Жарыс 6 кезеңде өтті. Жарыс кезеңдері: таныстыру, шабуыл сатысымен оқу мұнарасының 2-қабатына көтерілу, өрт-техникалық жабдықтарды жауынгерлік өрістету, 4х80 метр құрайтын өрт эстафетасы, зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсету және сурет байқауы. Жарыс соңында қорытынды шығарылып, жеңімпаз командалар марапатталды. Жалпы командалық есепте бірінші орынды Ескелді ауданының құрама командасы, екінші орынды Текелі қаласының құрама командасы, үшінші орынды Қаратал ауданының құрама командасы иеленді. Сондай-ақ, жеке жетістіктері үшін көзге түскен қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі