Ежелгі заманнан бері адамдар барлық қауіптерден паналайтын жер іздеді.
Бірақ ежелгі уақытта, қалалар мен бекіністерді қоршау кезінде армия катапульт түріндегі қоршау машиналарының әртүрлі түрлерін қолдана бастады, олар қалаларды қабырғалардың аржағынан лақтыра отырып, «бомбалады».
Уақыт өте келе қоршау машиналары оларды артиллерия алмастырғанға дейін дамып, қуатын арттырды. Артиллерия өте тез дамып, атыс күші мен атыс ауқымын арттырды.
Бірақ нағыз «революцияны» Бірінші дүниежүзілік соғыс әкелді, ол авиацияның дамуына бастау салып, терең тылда орналасқан қалаларға авиациялық снарядтарды лақтырды.
Сол кездің өзінде метрополитендер мен үйлердің жертөлелері бомбадан паналайтын жер ретінде қолданыла бастады. Әрине, олар снарядтың тікелей соққысына төтеп бере алмады, бірақ ұшып бара жатқан сынықтардан, ауа соққысынан, жарылыс кезіндегі жоғары температурадан және т. б. қорғады.
Сонымен қатар сол кезеңде билік органдары мен инфрақұрылым кәсіпорындарының қызметкерлері үшін, яғни әскери қауіп төнген жағдайда қалалардың тыныс – тіршілігін қамтамасыз еткен адамдар үшін мамандандырылған бункерлер құрыла бастады.
Бұл құрылыстар нығайтылды және улы заттардан қорғау үшін сүзгі-желдету жабдықтары, автономды электр энергиясы, азық-түлік қорлары және т. б. болды.
Осылайша бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде, сондай-ақ қырғи қабақ соғыс жылдарында бомбадан паналайтын жердің белсенді құрылысы жүргізілді.
КСРО жылдарында құрылған қорғаныш құрылыстарының көпшілігі қазіргі уақытқа дейін сақталған.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «бомбадан паналайтын жер» немесе «бункер» ұғымдары қолданылмайды, оның орнына «азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысы» деген ұғым қолданылатынын айта кету қажет.
Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысы екі түрге бөлінеді: паналайтын жер және радиацияға қарсы жасырын пана болып.
Паналайтын жер – қазіргі заманғы зақымдау құралдарының зақымдаушы факторларынан, радиоактивті заттардың әсерінен, сондай-ақ өрттер кезінде жоғары температуралар мен жану өнімдерінен, улайтын заттар мен бактериялық құралдардан паналаушыларды қорғауға арналған азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысы.
Радиацияға қарсы жасырын пана – жергілікті жердің радиоактивті зақымдануы кезінде иондаушы сәулелердің әсерінен паналаушыларды қорғауға арналған азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысы.
Қазіргі уақытта ТЖ департаменттері азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарының есебін жүргізуде.
Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері де Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарына мемлекеттік бақылау жүргізеді. Нәтижесінде, дұрыс емес күйде болған көптеген құрылыстар соңғы жылдары қалпына келтірілді.
Халыққа қайда паналауға болады немесе азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары неге бәріне бірдей бола бермейді?
Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидаларына (Үкіметтің 2014ж.19.12. № 1357 Қаулысы) сәйкес азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары тасымалданбайтын науқастарды, сондай-ақ денсаулық сақтау мекемелеріндегі медициналық және қызмет көрсетуші персоналды және азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдардың ең көп жұмыс ауысымын қорғау үшін көзделгенін атап өту қажет.
Бұл ретте халықтың негізгі бөлігі қауіп төнген жағдайда қауіп төнген кезеңде қарапайым баспаналарда паналай алады деп болжанады.
Сонымен, егер сізге қауіп төніп тұрса, жақын жердегі жертөлеге, метроға (бар болса), жерасты өткеліне немесе автотұраққа жүгіру керек. Сондықтан сіздің үйіңіздің жанында ғана емес, сонымен қатар сіз жиі баратын жұмыс пен басқа орындардағы қарапайым баспаналардың орналасқан жерін білу артық болмайды.
Баспана қажет болған кезді қалай түсінуге болады?
Егер төтенше жағдай туындаса, халыққа бұл туралы дауыс зорайтқыштар, жергілікті радиохабар тарату станциялары мен телевизия арқылы, сондай-ақ арнайы қызметтердің дауыс зорайтқыштармен жабдықталған автомобильдермен «Баршаның назарына!» құлақтандыру сигналы арқылы хабарланады.
Сонымен егер сіз дабыл сигналын естісеңіз-радио немесе теледидарды қосу керек. Не болып жатқаны және қалай әрекет ету керектігі туралы ақпарат мемлекеттік органдардың сайттарында және жаңалықтар сайттарында жарияланатын болады.
Сонымен қатар халықты қорғау үшін қарапайым жасырын паналарда жасырудан басқа эвакуациялық іс-шаралар ұйымдастырылады (халықты қалалардан қауіпсіз аймаққа шығару).
Халықты жинауды жүзеге асыру үшін оны одан әрі қауіпсіз аймаққа шығару үшін халықты жинау пункттері белгіленгенін атап өткен жөн. Осы жинау пункттерінің орналасқан жері мен оларға жетудің маршруттары туралы ақпаратты халық 2ГИС қосымшасында таныса алады.
ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті