ТЖМ-де жоспарлау, жобалық басқару және талдау қызметі мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді

ТЖМ-де жоспарлау, жобалық басқару және талдау қызметі мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді

2023 жылғы 25-26 мамырда Төтенше жағдайлар министрлігінде жоспарлау, жобалық басқару және аналитикалық қызметі мәселелері бойынша аумақтық ақпараттық-аналитикалық бөлімшелері үшін семинар-кеңес өткізілді.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың: Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің және Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері қатысты.

Өткізілген семинардың негізгі мақсаты - негізгі бағыттар мен көрсеткіштерді өзгертуді, сондай-ақ жан-жақты ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуды талап ететін мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі.

Семинар-кеңесте:

- мемлекеттік жоспарлау жүйесі және Қазақстан Республикасының инфрақұрылымын дамытудың минималды стандарттар;

- республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер;

- мемлекеттік органның жобалау кеңсесінің базалық бағытын жетілдіру мәселелері қаралды.

Іс-шарада эмоционалды күйіну психологиясы, жобалық менеджменті, мемлекеттік қызметтегі талант-менеджмент, ашықтыққа негізделген басқарудың жаңа мәдениетін (тыңдау, түсіну, әрекет ету) қалыптастыру бойынша тренингтер өткізілді.

«Сұрақ-жауап» форматында сындарлы диалог, сондай-ақ Министрлік іске асыратын өзекті міндеттер бойынша пікір алмасу өтті.