Қарағанды облысының ормандарындағы өрт қауіпсіздігі туралы

Қарағанды облысының ормандарындағы өрт қауіпсіздігі туралы

26 мамырда Қарағанды облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде Қарағанды облысы ТЖД басшысының орынбасары Нұрлан Бекбосыновтың, Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Абзал Балтабаевтың және Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бақтияр Санбаевтың қатысуымен брифинг өтті.

Брифингте баяндамашылар Қарағанды облысының ормандарындағы өрт қауіпсіздігі туралы айтты.

«Табиғи өрттерді жою үшін ТЖ департаментінде штаб құрылып, ТЖД, полиция, қала және облыс әкімдіктері қызметкерлерінен рейдтік іс-шараларды өткізу үшін 62 мобильді топ құрылды. Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері бұл мобильді топтар 5000-нан астам адамды қамтыған 500-ге жуық профилактикалық іс-шараны жүргізді. Рейдтік іс-шаралар барысында саяжайлар аумағында құрғақ шөптер мен қоқыстарды жағу кезінде 21 өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі анықталып, кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді Нұрлан Бекбосынов.

Бүгінгі күні облыста 2 орман өрті, сондай-ақ Ақтоғай, Нұра және Шет, Қарқаралы, Абай және Бұқар жырау аудандарында жалпы 201 гектар аумақта 10 дала өрті тіркелді.

Облыстың барлық қалалары мен аудан орталықтарында тұрғын үйлер мен ірі өнеркәсіп нысандарын өрттен қорғауды қамтамасыз ету үшін Қарағанды облысы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері жұмылдырылды. Облыс бойынша барлығы 30 өрт сөндіру бөлімшесі бар. Олар Қушоқы, Егіндібұлақ, Молодежный ауылдарында да бар. Қарағанды облысының өрт сөндіру қызметінде 329 бірлік техника бар.

Сондай-ақ облыста табиғи өрттерді жою бойынша 45 өрт сөндіру бекеті жұмыс істейді, олардың қорғауында жалпы саны 50 мыңнан астам тұрғыны бар 87 елді мекен бар.

Биыл Ақтоғай, Қарқаралы, Шет аудандарының аумағында тағы 4 бекет құру жоспарлануда.

Өрттің алдын алу мақсатында еске саламыз:

- от жағу және қалдықтарды жағу ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 метр қашықтықта жүргізілуі керек. Ал желді ауа райында от жағуға әдетте жол берілмейді;

- елді мекендер мен ұйымдардың аумағында жанғыш қалдықтар үйінділерін ұйымдастыруға тыйым салынады, олар дер кезінде шығарылуы тиіс;

- қалдықтар мен контейнерлерді осы мақсаттар үшін арнайы бөлінген орындарда жағу бақылауда болуы керек;

- от жағуға арналған орындар жанғыш заттар мен материалдардан, құрғақ өсімдіктерден тазартылып, сөндіргіш заттармен қамтамасыз етілуі керек;

- от пен көмір жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды пайдалануға жол берілмейді;

- жаз мезгілінде ауылдық елді мекендердегі әрбір тұрғын үйдің жанына, сондай-ақ саяжай кооперативтері мен бау-бақша серіктестіктеріне жалпы су қоры кемінде 200 литр болатын ыдыстар немесе өрт сөндіргіш орнатылады;

- тұрғын үйлердiң iргесiндегi мал азығын ғимараттар мен шаруашылық құрылыстардан кемiнде 15 м қашықтықта сақтау кезiнде сақтау орындары кемiнде 500 литр су сыйымдылығымен қамтамасыз етiлуі керек.

 

 

Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі