Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментімен балаларды жүзуге үйрету жалғасуда.
22 мамырда ТЖД қызметкерлері, Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері, және Қызыл Жарты Ай қоғамының еріктілері «Құлагер» спорт кешенінің жүзу бассейні базасында балалармен судағы қауіпсіздік туралы нұсқаулық өткізді.
Олар өз сабақтарын негізгі судағы мінез-құлық ережелер туралы танымдық дәрістен бастады, балаларға шомылуға рұқсат етілген және тыйым салынған орындарды жеткізді, кейін жүзу сабақтарына көшті.
Сабақ барысында суға батып бара жатқан адамдыартқы жағынан ұстап құтқару әдістері көрсетілді, дәрігерлер алғашқы көмек көрсету, оның ішінде жүрек-өкпе ренаимациясын көрсетті.
Қорытындысы бойынша, балаларға «Судағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбында жадынамалар табысталды. Сабаққа барлығы 40 бала қатысты.
Алматы қ. ТЖД баспасөз қызметі