
Қарағанды облысында жаз бойы жалғасатын «Қауіпсіз жаз» балалар акциясы басталды.
Акцияның мақсаты – жазатайым оқиғалардың алдын алу, су және өрт қауіпсіздігі бойынша қауіпсіздік нормаларын түсіндіру.
Акция аясында Қарағанды облысы ТЖД, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері және "Қызыл Жарты Ай" ҚБ еріктілері Қарағанды қаласының аулаларының бірінде жазғы кезеңде қауіпсіздік шаралары бойынша үгіт-алдын алу жұмыстарын жүргізді.
Олар балаларға ойын түрінде су айдындарындағы өзін-өзі ұстау ережелерін айтып, суға батып бара жатқан адамды судан құтқару және зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсету жолдарын көрсетті. Өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді. Отпен жұмыс істеу кезінде дұрыс тәртіпке ерекше назар аударылды. Жиналған ата-аналарға балалардың терезеден құлауының қайғылы жағдайының алдын алу шаралары түсіндірілді.
Балалармен қауіпсіздік викторинасы өткізілді, онда балалар дұрыс жауаптары үшін тәтті сыйлықтар алды.
Ізденімпаз, батыл балалар өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың арнайы техникасын мұқият қарап, құрал-жабдықтарды киіп көріп, мамандарға сұрақтарын қоя білді.
Сондай-ақ балаларға төтенше жағдайлар телефондары көрсетілген қауіпсіз тәртіп ережелері туралы профилактикалық парақшалар таратылды.
Мұндай шаралар облыстың қалалары мен аудандарында да өткізілмек.
Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі