Авариялық-құтқару бөлімшелерінің кинологиялық есептоптарын сертификаттау сынақтары аяқталды

Авариялық-құтқару бөлімшелерінің кинологиялық есептоптарын сертификаттау сынақтары аяқталды

Ағымдағы жылдың 22-24 мамыр аралығында «Жартасты қала-Астана» ТЖМ оқу - жаттығу полигоны базасында «Қазқұтқару-2023» халықаралық жиын – семинарының бірінші кезеңі шеңберінде ТЖМ авариялық-құтқару бөлімшелері мен әскери бөлімдерінің, сондай-ақ Алматы қаласының құтқару қызметінің кинологиялық есептоптарын сертификаттау сынақтары өткізілді.

Сертификаттау сынақтарына Республикалық жедел-құтқару жасағының, Астана және Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары ТЖД Жедел-құтқару жасақтарының, № 28237 Ұзынағаш а., № 52859 Қарағанды қ., № 68303 Семей қ. әскери бөлімдерінің, сондай-ақ Алматы қаласының құтқару қызметінің 43 кинологиялық есептобы қатысты.

Барлығы 34 кинологиялық есептоп сынақтардан сәтті өтті және бір жыл мерзімге табиғи және техногендік ортада іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін «А» сыныбы берілді.

Жалпы, ТЖМ қызметтік иттерінің дайындық деңгейі жыл сайын артып келеді. Оң динамиканың критерийлерінің бірі-семинарларға қатысу. Өңірлер мен шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасу.

Жыл сайын Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Павлодар облыстарының ТЖД ЖҚЖ, РЖҚЖ кинологиялық есептоптары тұрақты оң нәтижелер көрсетіп келеді.

Төтенше жағдайларды жою департаменті