
ТЖМ және Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымы азаматтық қорғау органының құрметті ардагері Қадыр Уапұлы Бисембаевтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты жақын-туыстарына қайғырып көңіл айтады.
Қадыр Уапұлы Бисембаев 1954 жылы 2 желтоқсан күні РФ Самара облысы Краснояр өлкесінің Хилково ауылында туған.
1977 жылы Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты және Минск қаласындағы КСРО МҚК жоғары курсын аяқтаған. 1977 жылдан 1981 жыл аралығында Атырау облысы Индер геологиялық разведка экспедициясында жер асты разведкасының партиясында тау инженер-маркшейдер болып еңбек еткен. 1981-2006 жылдары КСРО МҚК және Қазақстан Республикасы ҰҚК органдарында лауазымды орындарда қызмет еткен.
Қадыр Уапұлы 2008 жылдан 2014 жылдың қазан айы аралығында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментін басқарған. Азаматтық қорғау органдарының құрметті ардагері, отставкадағы полковник болды.
БҚО ТЖД баспасөз қызметі