ШҚО ТЖД сүңгуірлері акваторияларды тексеруде

ШҚО ТЖД сүңгуірлері акваторияларды тексеруде

ШҚО ТЖД сүңгуірлері суайдындарын тексеруге кірісті. Көбінесе демалыс орындары мен балалар лагерлері тексеріледі.

Түбі тексерілген акваториялар  мен қауіпсіздік нормаларына сәйкес жабдықталған жағажай – бұл демалыс кезінде ешкімнің зардап шекпейтінінің кепілі. Сондықтан да құтқарушылар шомылу орындарын дайындауға өте мұқият қарайды.

«Сүңгуір-құтқарушылар су астына түскен кезде шомылушыларға қауіп төндіретін заттар тауып алып жатады: бұл шыны бөтелкелер, металл сырықтар, арматура, суасты қалдықтары» - деп атап өтті ШҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Руслан Орынбеков.

ШҚО ТЖД суасты тексерулері тиісті актімен ресімделетінін айтты.

Демалыс базалары мен лагерь иелері шомылу орындарының нормаға сәйкестігін уақтылы тексерілуін қадағалауы керек. Ол үшін өтінім беру керек, ал ШҚО ТЖД кәсіби сүңгуірлері су айдындарының түбін тегін тексеріп береді.

Сондай-ақ құтқарушылардан азаматтардың рұқсат берілген жағажайларына ғана баруы сұрайды. Ата-аналар балаларына қауіпсіздік шараларын түсіндіріп, су жағасында жалғыз қалдырмауы тиіс.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі