ҚР ТЖМ Вице-министрі Халықаралық кеңеске қатысты

ҚР ТЖМ Вице-министрі Халықаралық кеңеске қатысты

2023 жылғы 18-19 мамырда Нью-Йоркте Төтенше жағдайлар вице-министрі Пішембаев Мереке Құдайбергенұлы "Тұрақты болашақ үшін тәуекелді төмендету жөніндегі бірлескен жұмыс" тақырыбындағы халықаралық кеңеске қатысты.
Аталған іс-шараға сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысып, табиғи апаттар қаупін азайту саласындағы басқару жүйелерін нығайту және Сендай негіздемелік бағдарламасында қойылған мақсаттарға қол жеткізу мәселелерін талқылады.
8 жыл бойы біздің елдеріміз апаттар қаупін азайту бойынша Сендай негіздемелік бағдарламасын іске асыруда және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында көптеген жұмыстар атқарылды.
Жүргізіліп жатқан жұмыстың арқасында Қазақстанда бұл жоба сәтті іске асырылды.
Еліміздің таулы өңірлерінде сел тасқыны қаупін азайту мақсатында селдің жалпы көлемі шамамен 19 млн текше метрді құрайтын 3 селді сақтайтын бөгеттердің құрылысы жүзеге асырылуда.
Ағымдағы жылы Алматы қаласында 50 мыңнан астам адамның қауіпсіздігі қамтамасыз етілетін Енисай шатқалында орналасқан осы бөгеттердің бірінің құрылысын аяқтау жоспарлануда.
Су тасқыны қаупі мен су тасқыны қаупін азайту бағыты маңызды мәселе болып табылады.
Жол картасы аясында 2017 жылдан бастап елді мекендерді қорғау бойынша 440 тан астам іс-шара іске асырылды.
Қабылданған шаралар 200-ден астам елді мекенді су басу қаупін жоюға және 580-ге елді мекенде оны азайтуға мүмкіндік берді.
Біздің еліміздің сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, 20-дан астам сейсмикалық станцияларды жаңғырту бойынша Жол картасы іске асырылуда. Цифрлық технологияларды дамыту шеңберінде Алматыда жер сілкінісін ерте хабарлаудың 9 автоматтандырылған сейсмостанциясы орнатылды. Сонымен қатар, еріктілер ұйымдары белсенді жұмыс істеуде, олард пандемия кезінде еліміздің 1,5 млн.астам азаматына көмек көрсетті. Қазіргі уақытта ТЖМ апаттар қаупін азайту орталығымен бірлесіп Орталық Азия елдері үшін ерте хабарландыруды енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл
ауқымды төтенше жағдайларға уақтылы ден қою үшін Төтенше ведомстволардың дайындығын үйлестіруде үлкен мүмкіндік береді.
ТЖМ жаңа технологияларды енгізуді, ТЖ алдын алу және жою саласындағы жетілдіруді, елдер арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуды және апаттар қаупін азайту саласында одан әрі тәжірибе алмасуды қолдайды. Вице-министр М.Пішембаев өз сөзінде "Біздің ұйымдарымыздың ынтымақтастығында зор әлеует бар, оны табысты іске асыру апаттар қаупін азайту саласында одан әрі дамуға елеулі қосымша бола алады",-деп атап өтті.

                                               ҚР ТЖМ баспасөз қызметі