
Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті "Халықаралық балаларды қорғау күні" және "Жазғы демалыс кезеңі" аясында Жетісу облысының "AMANAT" партиясы жанындағы "ЖАСТАР РУХЫ" жастар қанатының қолдауымен Талдықорған қаласының "№13 орта мектеп – гимназиясы" КММ аумағында "Жас өрт сөндіруші" акциясы өткізілді.
Акцияға Талдықорған қаласының №13, 14, 18 мектептері мен Көркемсурет-өнер мектебі қатысты.
Акция 3 кезеңнен тұрды:
1. Өнер мектебінің балаларымен сурет салу байқауы (өртке қарсы тақырыбында);
2. Капитандар сайысы - "Жауынгерлік киім кию";
3. Жауынгерлік өрістендіру (өрт сөндіру жеңқұбырларын айналдыру, нысананы құлату).
Бұл акцияның мақсаты - төтенше жағдайлар кезінде өрт қауіпсіздігі мен іс-қимыл ережелерін сақтау қажеттілігін түсіне отырып, балаларда отпен абайлап жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Акция қорытындысы бойынша, қатысушыларға кубоктар, қатысқаны үшін дипломдар және естелік сыйлықтар табыс етілді.
Сондай-ақ, алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету бойынша шеберлік нұсқаулықтар өткізілді, өрт сөндіру және арнайы техниканы көрсету ұйымдастырылды, сондай-ақ жауынгерлік өрт сөндіру жеңқұбырларын өрістету ұйымдастырылды.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі