Алматыда "Журналист мамандығын ауыстырады" оқу-жаттығуы өтті

Алматыда "Журналист мамандығын ауыстырады" оқу-жаттығуы өтті

19 мамырда Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі Республикалық жедел-құтқару жасағымен бірлесіп, сүңгуірлердің оқу-жаттығуы көрсетілген  баспасөз турын ұйымдастырды.

Су-құтқару бекетіндегі іс-шара барысында журналистер сүңгуірлік костюмдерді киіп, сүңгуір құтқарушылардың қиын қызметінің барлық ауыртпалықтарын сезіне отырып, өз кәсібін бір күнге ауыстырды.

Құтқарушылар суда қайғылы оқиғалардың алдын алу қалай жүргізілетінін  іс жүзінде көрсетті. БАҚ өкілдеріне сүңгуір құтқарушылардың құтқару-эвакуациялау, барлау және сүңгуірлік жұмыстарды орындау,  тереңдікке сүңгу арқылы сияқты әр түрлі техниканы қолдана отырып, арнайы дайындықты қалай жүргізетіні көрсетілді.

 

Республикалық жедел-құтқару  жасағы