
«Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстан республикасының мәртебелі маманы» атты республикалық патриоттық байқауы өткізілді.
Бұл іс-шараның мақсаты - Тәуелсіздік жылдары өз мамандығының хас шебері атанып, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды қоғамда кеңінен насихаттау, жастарға үлгі ету.
Аталған байқауға ҚР ТЖ министрлігі Шымкент қаласының ТЖ департаменті кадр саясаты басқармасының бас маманы азаматтық қорғау капитаны Ерғали Нұрдаулет Қайратұлы қатысып, бағын сынаған еді. Байқаудың қорытындысы бойынша жас маман «Қазақстан республикасының мәртебелі маманы» атағына ие болды.
Астана қаласында Министрлік үйінде өткен марапаттау рәсімінде Ерғали Қайратұлы Нұрдаулет төс белгі жане Алғыс хатпен марапатталды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында "өз ісінің үздік мамандарын жастарға үлгі етуіміз керек, оларға идеал болатын тұлғаларды көрсетуіміз қажет"'_ деп атап өткен болатын.
Осы ретте байқаудың жеңімпаздарының өздерінің еңбегімен жинақтаған тәжірибесі және жеткен жетістіктері жас буынға үлгі өнеге болатынына кәміл сенеміз.
ҚР ТЖМ Кадр саясаты департаменті