
Іле-Алатау жотасының сел қаупін, сондай-ақ мұздық мореналық көлдерінің жай-күйін кешенді бағалау мақсатында ТЖД және «Қазселденқорғау» ММ мамандары 2023 жылғы 16 мамырда Жамбыл, Қарасай, Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарының таулы аудандарында ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 тікұшағында аэровизуалды тексеру жүргізді.
Ұшу 1200-3800 метр биіктікте жүзеге асырылды және нәтижелері бойынша морена көлдері біртіндеп қысқы режимнен шығып, ішінара мұз бен қармен жабылғаны анықталды. Көлдерден ағындар байқалмайды, осыған байланысты халық үшін қауіп жоқ.
Жалпы Алматы облысының аумағында 57 селеу қаупі бар учаскелер және 285 мореналық/мұздық көлдер бар. Ағымдағы жылдың селе қауіпті кезеңінде «Қазселденқорғау» ММ атэто маусым айынан бастап 3 мореналық көлде босату бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Осы мақсатта сифон құбырлары мен басқа да құралдар дайындалды, сондай-ақ «Қазселденқорғау» ММ АТЭТО базасында шұғыл жұмыстар жүргізу үшін апаттық бригада дайындалды.
Қазіргі уақытта сел жағдайы тұрақты және бақылауда.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қізметі