
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментімен, сонымен қатар Маңғыстау облысының Білім басқармасы және Дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп ағымдағы жылғы 18 мамырда «Жас құтқарушы» облыстық слеті өткізілді.
Маңғыстау облысы ТЖД бастығының орынбасары подполковник Нұрлыбек Өзбекұлы Айжарықов өз сөзінде барлық қатысушыларға сәттілік және жарыста өздерін көрсете білулеріне тілектес екенін жеткізді.
Слетке барлығы облыстың қала және аудандарынан
7 команда қатысты.
Облыстық слетті өткізу барысында оқушыларға Департаменттің авариялық – құтқару құрал жабдықтары, Полиция департаментінің жедел із кесушілердің құрал жабдықтары, «Lider.kz» волонтерлік ұйымының джип турының жүрмелі көрмелері рналастырылады және 6656 әскери бөлімінің жеке құрамы және техникасы жұмылдырылды.
Слет жеңімпаздары және жүлдегерлері мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Слет қорытындысы бойынша 1-ші орынды – Бейнеу ауданының, 2 –ші орынды – Қарақия ауданының, 3 –ші орынды –Ақтау қаласының командалары иеленді.
Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі