
Жыл сайын 18 мамырда әртүрлі елдердің мұражай қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесі-Халықаралық мұражайлар күнін атап өтеді.
Мерекеге орай біздің қызметкерлердің бүлдіршіндері ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде орналасқан мұражайға саяхат жасады.
Ақтөбе облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің мұражайына 2 көрме залы мен бір ашық аспан астындағы алаң кіреді. Мұражайда барлығы 500-ге жуық экспонат және өткен ғасырдағы және қазіргі заманғы фотосуреттердің 2000-нан астам түпнұсқасы бар.
Ақтөбе облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы