Құтқарушылар Жайдарманда

Құтқарушылар Жайдарманда

2023 жылдың 15-19 мамыр аралығында "Қазақстан квн одағының" ұйымдастыруымен елордамыз Астана қаласында телевизиялық "Астана лигасы" ойындары өз бастауын алды. Еліміздін түкпір-түкпірінен жиналған 30-дан астам команда топтық бәсекеде өнер керсетуде. Бір күндік ойында 4 командадан құралған 4 топ өнер көрсетіп, бір топтан бір команда шығып отырады.
Дәл осындай тартысты ойында ҚР ТЖМ Атырау облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлерінен құралған "Құтқарушылар" жайдарман тобы әр өңірден келген командалармен бәсекеге түсіп, келесі айналымға жолдама алды. Құтқарушылар жайдарман тобы Төтенше жағдайлар саласынның жұмысын астарлы әзіл арқылы кеңінен насихаттап, оң имиджін көрсетуде. Сонымен қатар «Құтқарушылар» жайдарман тобының өз көрермендері де көбеюде. Құтқарушылар жайдарман тобы Жайдарман тарихындағы Төтенше жағдайлар командасының жоғарғы лигада намысын қорғап жүрген жалғыз команда болып табылады.
Өз өңірін, мекемесін телевизиялық ойындарда қорғап жүрген командаларға сәттілік, біздің әріптестерімізге жеңіс тілейміз!