Жыл сайын барлық дүниежүзілік қауымдастық 18 мамырда Халықаралық музейлер күнін атап өтеді.
Құтқарушылар мұражайы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті «ӨС және АҚЖҚ» ММ-де №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесінде орналасқан. Маңғыстау тұрғындары және қала қонақтары мұражайда саяхатта болды. Мұражайда саяхаттан басқа, жиналыстар, конферециялар, және жеке құраммен сабақтар болып тұрады. Балаларға жылда «Өрттен сақтану» тақырыбында көрме ұйымдастырылады. Мұражай 1992 жылы өрт күзеті бөлімшесінде ашылды. Мұражайда Маңғыстау облысы бойынша әртүрлі экспонаттар, тарихи жәдігерлер, өрт күзетінің дамуы және жағдайы туралы құжаттар қойылған. Негізгі мұражай екі бөлмеден тұрады – қарапайым және тарихи залдардан. Мұражайдың негізгі бөлігінде өрт сөндіруге арналған құралдардың барлығы, өртте табылған заттар, өрт кезінде балқып күйген костюмдерді табуға болады. Ең қызығы «Өртке дейінгі және өрттен кейінгі үй көрнісі». Іс-әрекеттің даму барысы визуальды әсер көрнісімен көрінеді.
Ақтау өрт сөндіру мекемесі жайлы, өртті қалай сөндіру керектігін, от сөндіргішті қалай қолдану керектігін балаларға айтып берді. Балаларға: өрт сөндіру бөлімшесін, демалыс бөлмесін, оқу залын, мұражайды, құрал жабдықтармен жабдықталған бөлмелер көрсетілді.
Олардың аса қызықтайтыны дабыл көтерілген мезгіл мен және үлкен өрт сөндіру техникалар, өрт сөндіру құралдары болды. Балалар техниканың немен жабдықталғаны, қалай жұмыс жасайтындығын біледі. Өрт сөндірушілер өз кезегінде балаларға құтқару құралдарын, гидравликалық қайшы, кеңейткіш құрал, домкрат сынды т.б. заттарды көрсетеді. Балаларға мұражайда орналасқан көрмелерде тұрған өрт сөндірушілердің өрт кезінде киетін арнайы киімдері көрсетіледі. Балалар арнайы касканы, киімдерді киіп көріп, өрт сөндіруші болсам деген ойға келеді.
Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі