Облысымыздың құрылғанына 5 жыл толуына орай, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтер арасында өрт-құтқару спорты бойынша жарыс ұйымдастырды.
Жарыстың негізгі мақсаты - облыс аумағындағы өрт сөндіру бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығын әзірлікте ұстау және өзара іс-қимыл әрекеттерін пысықтау.
Жарысқа қатысушы командалар суды бере отырып күштер мен құралдарды өрістету, дабыл бойынша жиналу, үш иінді сатымен көтерілу сынды өрт-құтқару спортының кезеңдерден бақ сынады.
Жалпы ойынға 6 команда қатысып, нәтижесінде
1-орынды «Комплекс Услуг Безопасности Астана» командасы,
2-орынды «АзияТехПожСервис» ЖШС алды,
3-орын «Волковгеология» АҚ командасына бұйырды.
Жүлделі орынға ие болған командаларға арнайы диплом мен кубоктар және бағалы сыйлықтар табысталды.
Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі