
18 мамыр күні Ақтөбе станциясында Теміржол вокзалындағы мекемені сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу жаттығуы өткізілді
Өрт-тактикалық оқу жаттығудың мақсаты – Ақтөбе облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ»ММ мен Ақтөбе станциясының өрт сөндіру пойызы арасындағы өзара іс-қимылды пысықтау, адамдар көп жиналатын мекемелердегі өрт жағдайда өртті сөндіруді ұйымдастыру және жауынгелік жағдайда барынша жақын жұмыс кезінде жеке құрамды басқару. Өртті сөндіру үшін ТЖД «ӨСжАҚЖҚ»ММ №3 ӨСБ жеке құрамы және, Ақтөбе станциясының өрт сөндіру поезды және шақыру бойынша горнизондық кестеге сәйкес шығатын өрт сөндіру поездының жеке құрамы тартылды.
Оқу жаттығу барысында теміржол ғимаратынан өрт шығып, құтқарушылар барлау жұмыстарын ұйымдастырып, нәтижесінде автосаты арқылы төртінші қабаттан екі адам құтқарылды.
Өрт-тактикалық оқу жаттығу барысында 3 техника және 2 буын жұмылдырылды.
Ақтөбе облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы