АНОНС

АНОНС

   

19 мамыр күні сағат 10.00-де Талдықорған қаласының №13 орта мектеп – гимназиясы базасында Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментімен "Халықаралық балаларды қорғау күні" және "Жазғы демалыс кезеңі" аясында Жетісу облысының "AMANAT" партиясы жанындағы "ЖАСТАР РУХЫ" ЖК қолдауымен "Жас өрт сөндіруші" акциясын өткізіледі.
Бұл акцияның мақсаты - төтенше жағдайлар кезінде өрт қауіпсіздігі мен іс-қимыл ережелерін сақтау қажеттілігін түсіне отырып, балаларда отпен абай болуын қалыптастыру.
Аталған іс-шараға Талдықорған қаласындағы орта мектеп оқушылары қатысады.
Бұл науқан келесі кезеңдерді қамтиды:
1. Өнер мектебінің балаларымен сурет салу байқауы;
2. Капитандар сайысы - "Жауынгерлік киім кию";
3. "Жас-өрт сөндіруші" байқауы (өрт сөндіру жеңдерін айналдыру, өрт сөндіру жеңдерімен әрекет ету).
Конкурсқа қатысушылар кубоктармен, құрмет грамоталарымен және естелік сыйлықтармен марапатталады.