
18 мамыр күні таңертең ШҚО ТЖД "101" қызметіне Славский атындағы жағалау көшесінде 12-қабаттағы пәтерде өрт шыққандығы туралы қоңырау келіп түсті. Оқиға орнына жедел келген ШҚО ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері пәтердің терезесінен қалың қою түтін мен ашық жалынның шығып жатқанын көрді. Бірінші кезекте өрт сөндірушілер пәтерлерді барлауға және зардап шеккендердің бар-жоғын тексеруге кірісті. Нәтижесінде 9 тұрғын баспалдақпен құтқарылды, оның 4-уі балалар. Сонымен қатар, 12 - қабат деңгейінде автосатыны орнатқаннан кейін өрт сөндірушілер өртті сөндіруге кірісті.
Өртті жоюға жеке құрамның 35 адамы мен 10 техника жұмылдырылды, өрт алаңы – 50 ш. м. құрады.
Белгілі болғандай, пәтер иесі өрт кезінде үйден жануды байқап калып, өз бетімен сыртқа шыққан, және көршілерінен көмек сұрап үлгереді, олар өрт сөндірушілерді шақырған.
Өрттің алдын ала себептері-электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау, отпен абайсызда жұмыс істеу.
"Апаттар медицинасы орталығы," мен Жедел жәрдем дәрігерлері тексеру жүргізген соң жану өнімдерімен уланған белгілері бар көрші пәтердегі 2009 және 2014 жылы туған 2 қыз бала ауруханаға жатқызылды.
ШҚО ТЖ Департаменті өрт қаупін азайту үшін тұрғындарға мынаның қауіпті екенін еске салады:
- оқшаулаудың көрінетін бұзылулары бар электр сымдары мен кабельдерді пайдалану;
- отпен жұмыс істегенде қырағылық таныту керек;
- зақымдалған розеткаларды пайдаланбаңыз;
- үйде жасалған электр жылыту құралдарын қолдануға болмайды;
- электр желісіне, оның ішінде күту режиміндегі электр аспаптарын қараусыз қалдыруға;
- уақытша электр сымдарын, сондай-ақ электр құрылғыларын қуаттандыру үшін ұзартқыш сымдарды пайдаланбаңыз
Есіңізде болсын! Қауіпсіздік ережелерін сақтау сіздің өміріңіз бен денсаулығыңызды сақтауға, сондай-ақ мүлікті сақтауға көмектеседі!
Өрт анықталған жағдайда бұл туралы "101" және "112"телефондары арқылы дереу хабарлаңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі