Семейдің өрт сөндірушілері өрттен 8 адамды құтқарды

Семейдің өрт сөндірушілері өрттен 8 адамды құтқарды

2023 жылғы 15 мамыр күні сағат 18:53-те "101" пультіне Докучаев көшесінде өрт болғандығы туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына 1 БИС шақыру дәрежесі бойынша өрт сөндіру бөлімшелері дереу жіберілді.

Шақыру орнына келгеннен кейін көп қабатты тұрғын үйдің алтыншы қабатындағы балкон ашық жалынмен жанып жатты.

Кіреберісте қатты түтін болды.
Барлау нәтижесінде алтыншы қабаттағы пәтерде жиһаз, тұрмыстық техника, жеке заттар, терезе мен есік блоктары, сондай-ақ балконның ағаш конструкциялары жанғаны анықталды.

Өрт сөндірушілердің кәсіби әрекеттерінің арқасында өрт қысқа мерзімде жойылды. Өрт сөндірушілер құтқару қалпақтарының көмегімен жоғарғы қабаттардан сегіз адам, оның ішінде үш баланы құтқарды.
30 адам эвакуацияланды.

Өрттің алдын ала ауданы 18 шаршы метрді құрады.
Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Өртті сөндіруге 17 өрт сөндіруші мен 5 бірлік техника жұмылдырылды.
Абай облысы ТЖД өрт қауіпсіздігі талаптарын мүлтіксіз сақтау керектігін еске салады! Сақ болыңыз! Төтенше жағдай туындаған кезде "101" немесе "112" нөмірлері бойынша хабарлаңыз.

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі