Балалар демалысын оқыс оқиғалардан арылту

Балалар демалысын оқыс оқиғалардан арылту

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін оқыту ШҚО ТЖ департаментінің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл мәселе әсіресе шомылу маусымының басталуымен жазғы кезеңде өзекті болып табылады.

Шығыс Қазақстан облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау, Азаматтық қорғаныс және ТЖ алдын алу басқармаларының қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының ұйымдастыруымен "2023 жылғы жазғы демалыс кезеңінде балалардың жазғы демалысын, сауықтырылуын және ойын-сауығын ұйымдастыру жөніндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету" атты облыстық семинарға қатысты.

Қоғамдық бірлестіктерінің 50-ге жуық басшылары мен өкілдері, қала сыртындағы балалар сауықтыру лагерьлерінің директорлары қатысқан кездесу қызу пікірталас түрінде өтті, оның барысында балалардың жазғы демалыс орындарында және қала сыртындағы лагерьлерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау, жарақаттанудың алдын алу мәселелері қозғалды.

"Лагерьлер жұмысының алдында біз балалар демалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша қосымша түзетулер енгіздік, қауіпсіздік нұсқамаларын өткіздік, лагерьлерді өртке қарсы сумен жабдықтауға, өрт автоматикасының жарамдылығына, алғашқы өрт сөндіру құралдарымен және шомылу орындарын жабдықтауға ерекше назар аударылды", - деп ШҚО ТЖД атап өтті.

ШҚО ТЖД лагерьдегі іс-қимылдың жалпы ережелерін еске салады:

1.Жалпы санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау қажет
2.Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзбау: үй-жайларда, лагерь аумағында және табиғат аясындағы демалыс кезінде от жағуға тыйым салынады. Тәлімгердің рұқсатынсыз электр құралдарын пайдаланбаңыз. Лагерь аумағы жанғыш материалдан, құрғақ шөптен тазартылуы тиіс.

3. Су айдынындағы іс-қимылдың ережелерін қатаң сақтаңыз.

4. Бала (жасөспірім) жасақпен бірге болуға және бақылауда болуға міндетті.
5. Бейтаныс жидектерді, жемістерді жеуге болмайды.

6. Балалардың лагерь аумағынан шығуына жол берілмеу қажет.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.


ШҚО ТЖД баспасөз қызметі