Тараз қаласында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде

Тараз қаласында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде

Өрттердің және олардан адам өлімінің алдын алу, тұрғындарды тіршілік қауіпсіздігі негіздеріне оқыту мақсатында Тараз қаласының төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері күн сайын тұрғын үй секторында өрт-профилактикалық жұмыстарын жүргізеді. Жұмыстың негізгі мақсаты – әр үй иесіне  өрттің басты себебі адамның абайсыздығы екенін еске салып, жеткізу. Бұл жолы қалалық ТЖ мамандары «Химпоселок» ауданындағы орналасқан көшелерде жеке тұрғын үй иелерімен профилактикалық әңгімелесу өткізді.

Жыл басынан қала аумағында 79 өрт тіркеліп, өрт салдарынан 2 адам қаза болды және 2 адам дене күйік жарақатын алған.

Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері үй иелерінің өрт қауіпсіздігінің жай-күйін тексеріп, автономды өрт хабарлағышы сияқты құрылғының маңыздылығын азаматтардың есіне салды. Құтқарушылар күнделікті өмірде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы айтып, қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін тағы да еске салатын жадынамалар мен ұсынымдар таратты.

Тараз қаласының  ТЖ басқармасы тағы да еске салады: электр сымдарының жарамдылығын қадағалаңыз, электр желісін шамадан тыс жүктемеңіз және желіге қосылған электр құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз. Жылыту құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз.

Өрт болған жағдайда 101 немесе 112 телефон нөмірлеріне қоңырау шалыңыз.

Тараз қаласы ТЖБ