
Құрғақ шөпті өртеу – көбінесе адамдардың кінәсінен болатын табиғи зілзала.
Адамдардың отты қолданудағы абайсыздығының кесірінен құрғақ шөпті жағу тек адамдарға ғана емес жануарлар үшінде қауіпті.
Көптеген кішкентай көжектер наурыз-сәуір айларында туылады. Олар жыртқыш аңдардың көзінен тасада қорғанып, бұталардың, шөптердің, қамыстардың астында және орманның шетінде тығылады.
Себебі жаңа туылған көжектертің тіршілікке бейімделуі әлсіз болып, көп ұйықтайды. Бұны бірақ көп адамдар біле бермейді. Адамдардың мұқиятсыздығының кесірінен өрт шығып, көжектердің қырылуына әкелуі мүмкін.
Ақтөбе облысы ТЖ департаменті облыс тұрғындарын қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады:
- ешқандай жағдайда құрғақ шөпті өртемеңіз;
- саяжай учаскелерінде қоқыс пен қалдықтарды тек арнайы жабдықталған жерлерде жағыңыз;
- желді және қатты ысыған ауа райы кезінде қоқыс жағуға, от жағуға тыйым салынады;
- шымтезек топырақтарында және ағаш ғимараттардың жанында от жағуға болмайды. Есіңізде болсын, от жағу үшін қауіпсіз қашықтық 50 метр болып саналады.
- балаларға сіріңкемен ойнауға, оларға шөпті жағуға жол бермеңіз;
- табиғатта демалу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз: жанып тұрған темекі тұқылдарын, сіріңкелерді жерге тастамаңыз және жанып тұрған отты қалдырмаңыз, сондай-ақ күн сәулесін шоғырландыратын және құрғақ өсімдіктерді тұтататын шыны ыдыстарды қалдырмаңыз.
Ақтөбе облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы