Қарағандылық өрт сөндіруші абсолютті нақты жекпе-жек бойынша әлем чемпионатының жеңімпазы атанды

Қарағандылық өрт сөндіруші  абсолютті нақты жекпе-жек бойынша әлем чемпионатының жеңімпазы атанды

2023 жылғы 11-13 мамыр аралығында Уфа қаласында (Ресей Федерациясы) абсолютті нақты жекпе-жектен (АРБ) әлем чемпионаты өтті. 

Әлем чемпионаты екі бөлімде өтті: кимано бөлімі және рашгард бөлімі.

Осы Әлем чемпионатында ел намысын Қарағанды облысы ТЖД қызметкері азаматтық қорғау капитаны Нұркеев Мұхамедрахим қорғап, өте жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Кимано бөліміндегі бірінші күні ол Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды және халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына ие болды.

Екінші күні рашгард бөлімінде ол Әлем чемпионатының қола медалін жеңіп алды.

Жалпы, Мұхамедрахим 7 жекпе-жек өткізді, оның 5-інде жеңіске жетті.

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі