Шымкент қаласының психологтары семинарға қатрысты

Шымкент қаласының психологтары семинарға қатрысты

Төтенше жағдай уақытында зардап шеккен халыққа шұғыл психологиялық көмек көрсету – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі психологтарының маңызды мақсаттарының бірі болып табылады. 

Төтенше жағдайлар департаментінің психологтары қала аумағында орын алатын ірі және резонансты төтенше жағдайларға шығып, зардап шеккен халыққа шұғыл психологиялық көмек және олардың туыстарына психологиялық қолдау көрсету мақсатында шақыртуларға шығады. Сонымен қатар, психологтар Төтенше жағдайларды жою бойынша Штабының құрамында болып, «Қауырт желі» телефонында қоңырауларды қабылдайды.

Уақыт талабына сай, Төтенше жағдайлар салдарынан халықтың психикалық саулығын қамтамасыз ету және өткір стресстік бұзылыстардың салдарынан туындауы мүмкін ауруларды азайту мақсатында, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының психологтарына төтенше жағдайлардың психологиялық аспектілері және төтенше жағдайларда зардап шеккен халыққа шұғыл психологиялық көмек көрсету негіздері тақырыптарына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін арттыру қажеттілігі туындауда.

Осы мақсатта, мектептердің және емханалардың психологтарын жинай отырып 2 күндік семинар кеңес өткізілуде. Семинар кеңесте тек теориялық сабақтар қамтылып қана қоймай, практикалық тұрғыда сейсможаттығу және эвакуациялық жинау пунктін жайып көрсету жұмыстары жүргізіледі, Төтенше жағдайлар қызметінің психологтары өз тәжірибелерімен бөлісіп, мастер-класстар көрсетеді.

Төтенше жағдай уақытында және эвакуациялық пункттердің жұмысын ұйымдастыру кезінде халыққа сапалы және уақытылы психологиялық қолдау жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ көрсету мақсатында, Шымкент қалалық денсаулық сақтау және білім басқармаларымен меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының психологтарын даярлау жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, Жоғарғы оқу орындарының психологог, дефектолог мамандықтарында оқып жүрген бітіруші курс студенттерін де волантерлік жұмысқа тарту жоспарлануда.

Шымкент қаласы ТЖД баспасөз қызметі