
Өскеменде полиция басқармасының қызметкерлері, ШҚО ТЖД қалалық ТЖ басқармасының мамандары арнайы профилактикалық рейд өткізді.
Қаладағы қарбалас кезінде өрт сөндіру көлігінің сиренасының сигналы бір жерде апат болғанын білдіреді. Өкінішке орай, барлық жүргізушілер мұны түсінбейді және көліктерін тұрғын үйлер мен ғимараттардың кіреберістеріне тастап кетеді және осылайша өрт сөндірушілерге шақыру орнына дереу келуіне кедергі жасайды.
Бірақ төтенше жағдайда уақыт санаулы, әр секунд ұзақ болып көрінуі мүмкін, ал ең аз деген кідіріс адамдардың өміріне тұрарлық болуы мүмкін.
"Профилактикалық рейд нәтижесінде екі жүргізуші аулаларда көлікті дұрыс қоймағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Күн сайын біз көліктерін "тастай" салып, кедергі тудыратын бұзушылармен бетпе-бет келеміз", - деп Өскемен қаласы полиция басқармасы жол-техникалық инспекциясының бастығы Сергей Коваленко атап өтті.
"Өрт сөндіру машиналары үйлердің аулаларында қалай болса солай тұраққа қойылған автокөліктермен арпалысып жатып, сөндіруге және құтқаруға арналған уақытты жоғалтып жатады. Автоцистернаны орнату көбінесе мүмкін емес. Ең алдымен, адамның өзі, егер өзі болмаса көршілерінде өрт болуы және арнайы қызметтер кешігуі мүмкін деп ойлауы керек. Қазақстан Республикасының Өрт қауіпсіздігі қағидаларының 164-тармағына сәйкес "Ғимараттарға, құрылыстарға, ашық қоймаларға және сыртқы өрт сатыларына және өртке қарсы сумен жабдықтау көздеріне жолдар, өтпелер мен кіреберістер жарамды күйде ұсталады және өрт техникасының өтуі үшін қолжетімді", - деп ШҚО ТЖД атап өтті.
ШҚО ТЖД автокөлік жүргізушілерінің назарын ережелерді сақтауға аударады:
- тұратын орынды таңдағанда міндетті түрде арнайы техниканың кіру орындарын бос қалдыруды ескріңіз;
- көрсетілген арнайы сигналдары бар көлік құралы жақындаған кезде жүргізушілер кедергісіз өтуді қамтамасыз ету үшін жол беруге міндетті.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі