ШҚО-да өткен брифингте өрт қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

ШҚО-да өткен брифингте өрт қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

Шығыс Қазақстан облысында Ақпараттық орталық алаңында ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы, ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мамандарының қатысуымен брифинг өтті.

ШҚО ТЖД МӨББ бастығының міндетін уақытша атқарушы Нұржан Өміржанов облыста жыл сайын адамның кінәсінен табиғи өрттердің шамамен 70%  орын алатынын айтты: халықтың отты абайламай қолдануы, ауыл шаруашылығы өрттері, шөптесін өсімдіктерді жағу, ауыл шаруашылығы техникасында ұшқын сөндіргіштердің болмауы. Өңірде 140,2 гектар алқапта  шөптің 18 жануы тіркелді.

 Департамент іс-шаралар кешенін және кең ауқымды профилактикалық жұмыстарды жүргізуде. Әкімдіктер 43 өрт сөндіру бекетін құрды, жалпы саны 935 адамнан тұратын 114 ерікті өртке қарсы құралым бар, 28 өрт сөндіру бірлігімен және 145 бейімделген техникамен жабдықталған. Облыста 225 адамнан тұратын мобильді топтар жұмыс істейді, олардың қатарына өрт сөндірушілер, жергілікті атқарушы органдар, полицейлер, орманшылар кіреді. Жүргізілген 98 рейд шеңберінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтамағаны үшін 23 адам, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 410-бабы бойынша 22 адам және 336-бабы бойынша 1 адам жауапқа тартылды.

ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұрат Құсайыновтың деректері бойынша ағымдағы жылы облыс аумағында ағымдағы өрт қауіпті кезеңнің басынан бастап 5 Га алаңда 5 орман өрті тіркелген. Орман өрттерінің алдын алу мақсатында минералданған жолақтарды салу, орман жолдарын салу және жөндеу, 23 демалыс орны мен 34 тікұшақ алаңын жайластыру жоспарланған. Орман өрттері туындаған және сөндірілген жағдайда 27,2 тонна көлемінде дизель отыны және 40 тонна бензин ЖЖМ қоры көзделген, орман өрттерін сөндіру кезінде өзара іс-қимыл бойынша шекаралас ұзақ мерзімді орман пайдаланушылармен және басқа да кәсіпорындармен 332 шарт жасалған. 160 бірлік өртке қарсы техника және 3000 бірліктен астам өртке қарсы мүкәммал мен жабдық әзірлікке келтірілді. Орман қорында патрульдеу мен өртті сөндіруге 4 бірлік ұшу техникасы мен 17 өрт сөндіруші-десантшы тартылатын болады. Сондай-ақ жыл сайын өрт қауіпті кезеңнің алдында орман шаруашылығы мекемелерінің ормандардағы өрттерді сөндіруге ден қоюға дайындығына және өртке қарсы жабдықтармен жарақтандырылуына тексеру жүргізіледі. Ормандардағы өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес тұрақты құрғақ, ыстық және желді ауа-райында от жағуға, өрт қауіпті жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді.  

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі