Қостанайдың көпқабатты үйінде газ құбыры тұтанды

Қостанайдың көпқабатты үйінде газ құбыры тұтанды

2023 жылдың 10 мамырында сағат 12:58-де «101» пультіне Волынов көшесіндегі бес қабатты үйдің №1 кіреберісінде газ құбыры жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Қостанай қаласының 6-ӨСБ өрт сөндіру есептоптары оқиға орнына келгенде, темір кіреберіс есігінің алдында газ құбыры, 1-қабаттағы пәтердегі пластикалық терезе және терезенің үстіндегі электр сымдары отқа оранғаны анықталды.

Өрт сөндірушілер еш кідіріссіз жалынды сөндіруге кірісті, себебі баяулауға болмайтын еді. Бірнеше минут ішінде 13:12-де өртті оқшаулап, жалынның жанып тұрған көздерін жоюға мүмкіндік туды. Кейін өрт сөндірушілер тағы 25 минут жұмысын жалғастырды, 13:37-де өрт толығымен жойылды.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында өрттің шығыны салыстырмалы түрде аз болды, өрттің бірінші қабаттағы пәтердің тұрғын үй-жайларына таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің ауданы 1 шаршы метрді құрады.

Шақыру орнына 2 бірлік өрт сөндіру техникасы және Қостанайдың 6-ӨСБ 7 адамы жұмылдырылды.

Өрттің себебі анықталуда.

Қостанай облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы