Өрт қауіпті кезеңнің басталуымен Қостанай облысында от жағуға, қоқысты жағуға, құрғақ өсімдіктерді өртеуге байланысты жанудың өсуі байқалады.
Осы ыстық уақытта облыстың өрт сөндіру бөлімшелері кезекші тәулік ішінде бақылаусыз жану жағдайларына ғана 20-дан 40-қа дейін шығулар жасайды.
Қауіпті жағдайлардың туындау қаупін азайту үшін облыстық ТЖД қызметкерлері халық арасында профилактикалық жұмысты күшейтті. Осы демалыс күндері олар өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша облыстық ауқымды науқан ұйымдастырды.
Таңертең үлкен көпірдің артындағы алаңда облыстық ТЖД жеке құрамы, Ш. Қабылбаев ат. ҚР ІІМ Академиясының тыңдаушылары, «Регион-10» жасағының еріктілері сап түзеді. Іс-шара Қостанай облысының ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы азаматтық қорғау полковнигі А. Уразовтың басшылығымен өтті. Жиналғандар алдында сөйлеген сөзінде ол өткізілетін іс-шараның мақсаттары мен міндеттері туралы айтып, қысқаша нұсқаулық өткізді. Құтқарушылар, полицейлер мен еріктілер құрған мобильді топтардың назарында Қостанай ауданындағы «Пригородное», «Элеваторщик», «Дархан», «Железобетонщик», сондай-ақ «Пригородное орманшылығы» саяжай қоғамдарының аумақтары болды.
Іс-шараға қатысушылар халықты өрт қауіпсіздігі шараларына ақпараттандыру және оқыту мақсатында кең үгіт-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды. Бұл күні олар 600-ден астам саяжай учаскелерін және орманшылықтағы 3 арнайы аймақты айналып өтті. 860 азаматқа нұсқау беріліп, 1000-нан астам үгіт материалдары, жадынамалар мен парақшалар таратылды.
Сонымен қатар, мобильді ескерту кешенінің көмегімен (көліктегі зорайтыш байланысымен) халыққа қоқыс жағуға және от жағуға тыйым салынғаны туралы хабарланды.
Азаматтарға отпен абайсызда жұмыс істеудің қандай салдары болуы мүмкін екендігі туралы еске салынды. Ескертілді: өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтамағаны үшін құқық бұзушылар айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады!
Қостанайлық құтқарушылар облыстың барлық тұрғындарына жүгінеді: - өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтаңыздар! Отпен абай болыңыздар. Табиғатты қорғаңыздар!
Өрт қауіпті кезеңде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша науқан Қостанай облысының ТЖД барлық аумақтық бөлімшелерінде ұйымдастырылған.
Қостанай облысының ТЖД
қоғаммен байланыс тобы