Пожарный из области Жетісу награжден медалью «Ерлігі үшін»

Пожарный из области Жетісу награжден медалью «Ерлігі үшін»

Жаркент қаласының №11 Өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі азаматтық қорғау кіші сержанты Еркебұлан Тұрғанұлы Айтбаев өрт кезінде жасаған ерлігі және балаларды құтқарғаны үшін Қазақстан Республикасының наградасы - «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

Еркебұлан Айтбаев өзінің батырлық әрекетін жұмыстан тыс уақытта жасады. 2022 жылдың 7 желтоқсан күні, кешке Еркебұлан, Жетісу облысы Панфилов ауданы Үлкеншыған ауылында қызмет атқарудан бос уақытында үйде болды, бір сәтте ол көрші үйдің өртеніп жатқанын көрді, Еркебұлан «Өрт, жанып жатыр!!!» деген айқаймен өртеніп жатқан үйге жүгіріп кіріп, 2010, 2014, 2018 жылы туған 3 баланы көтеріп, алып шықты, содан кейін ата-аналарына қауіпсіз қашықтыққа шығуға көмектесті, содан кейін жанып жатқан үйге оралып, екі газ баллонын алып шықты. Жедел және дұрыс іс-қимылдар нәтижесінде Айтбаев адамдарды өртеніп жатқан үйден құтқарып, газ баллондарының жарылыс қаупін алдын алды.

Еркебұланның ерлігі назардан тыс қалмады және Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Юрий  Ильин Астана қаласында Айтбаевқа салтанатты түрде «Ерлігі үшін» медалін табыс етті.