Монтаждау кезінде мұнара краны жебесінің құлауы туралы алдын ала ақпарат

Монтаждау кезінде мұнара краны жебесінің құлауы туралы алдын ала ақпарат

2023 жылғы 9 мамырда шамамен сағат 11:20-да «Capital Park» ТК құрылыс учаскесінде құрылыс салушы BI Group құрылыс компаниясы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Керей-Жәнібек хандар, Бұқар Жырау, № 37 және № 38 көшелерінің қиылысында мұнара кранын монтаждау кезінде (кран Alem Sauda LTD ЖШС-не тиесілі, сондай-ақ монтаждау жүргізіліп жатқан) монтаждау технологиясы бұзылды, атап айтқанда секциялық тиектер, кранның бас жағында бекітпе және кранның мұнара секциялары болмаған. Соның салдарынан  мұнара кранының жебесі жанында тұрған автокранның жебесіне құлаған. Автокран ішіндегі «Андрюшкин» ЖК машинисі ауруханаға жатқызылды.

Қазіргі уақытта ҚР ТЖМ ӨҚК Астана қаласы бойынша департаментінің инспекторлары жұмыс жүргізуде.

 

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті