Қызмет етемін

Қызмет етемін

Қазіргі уақытта Алматы гарнизонында Ұлы Отан соғысының 2 ардагері қалды. Олар: Михайлов Григорий Павлович, Долидуда Егор Степанович), 5 тыл еңбеккері (Порядина Наталья Андреевна, Чернышев Владимир Николаевич, Қарамергенов Такеш Қантайұлы, Нұртаев Саясат Бегалиұлы, Түсупов Сейтқазы,) сондай ақ 8 интернационалист жауынгер бар.

Долидуда Егор Степанович 1944 жылғы желтоқсанда Кеңес Армиясы қатарына шақырылып,  Қиыр Шығыстағы Приморск өлкесінің  Иман қаласы,  297 атқыштар полкінде, 184 дивизияда атқыш-пулеметші болған,  ал 1945 жылдың тамызында олардың бөлімшелері  Жапониямен шекарада  болған.

Михайлов Григорий Павлович 1944 жылы  өз жасына екі жас қостырып, Қызыл Армия қатарына шақырылады. Ол Квантун Армиясының Жапонияға қарсы соғысына қатысты.

Орталық ардагерлер Кеңесі Алқасының төрағасы- отставкадағы генерал-майор Мейрам Қабденұлы Ысқақовтың «Қазақстандық ТЖ органдары ардагерлерінің ұйымы» атынан ардагерлер медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Ардагерлеріміздің күш қуаты қайтпаған, сергек, әлі сапта және жас ұрпақты патриоттық рухта отансүйгіштікке және елге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуде баға жетпес көмек көрсетіп келеді.

Батырларымызды құттықтауға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Айжан Нұрмағамбетова, эстрада жұлдызы Қажымұқан Мағазбекұлы келді. Қатысушыларға Республикалық Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп жасұланшылардың орындауындағы әндер ерекше әсер қалдырды, ал мемлекеттік симфониялық оркестрдің әртісі Олжас Сәтбаев флейтамен "«Мой ласковый и нежный зверь»" фильмінен вальс орындады.

Салтанатты жиын соңында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің құрметіне  мерекелік фуршет берілді.

 

 

Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі