
Iле-Алатау МҰТП аумағында қарауылдау және
құлаған ағаштарды арамен
аралау, рюкзак аппараттарын қолдана отырып, жану ошақтарын қазу және ылғалдандыру жүргізілуде.
Күштер мен құралдарды топтастыру жоғары дәрежеде орналастырылған.
Өрт сағат 17:53-те оқшауланды.
Өртті сөндіру үшін Қазавиақұтқарудың Ми-8, Ми-171 екі тікұшағы, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің Құтқару қызметінің МИ-8 МТВ тікұшағы жұмылдырылды.
Өрт ошақтарына 34 (102 тонна) рет су шашылды.
Оқиға орнында Алматы қаласы ТЖД 62 жеке құрамы мен 5 бірлік техника, сондай-ақ МҰТП 56 қызметкері жұмыс істеді.
ТЖ жою аймағында жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылды.
Таулы аймақ күрделі рельефті жер болғандықтан, биік құрғақ шөптер мен қураған ағаштың көп болуынан, сондай-ақ қатты желдің әсерінен өртті сөндіру қиындық туғызды.