
Су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында 2023 жылғы 4 мамырда Кеңгір су қоймасы акваториясының аумағында авариялық-құтқару қызметтерінің бөлімшелерімен су айдынында адамдарды құтқару жөніндегі тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізілді, сондай-ақ осы оқу-жаттығуға полиция департаментінің және жедел медициналық жәрдем бригадаларының қызметкерлері тартылды.
Бұл оқу-жаттығудың мақсаты авариялық-құтқару қызметтерінің дайындығын тексеру болып табылады.
ТЖ департаменті 2022 жылғы шомылу маусымында 6 адамның қайтыс болғандығы туралы хабарлайды. Бұл фактілердің себебі арнайы жабдықталмаған жерлерде шомылу болып табылады, сонымен қатар 4 адам құтқарылды, оның ішінде 3 бала.
Осыған байланысты, Ұлытау облысы ТЖ департаменті облысының тұрғындары мен қонақтарынан судағы қауіпсіздік шараларын сақтауды, жабдықталмаған орындарда және мас күйінде шомылмауды, балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.
Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз.
Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі