2023 жылғы 5 мамырда Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні қарсаңында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ТЖМ қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады.
Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Асқар Тойшыбеков ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің департамент директоры Армаис Григорян, Алматы қаласы «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция» жауапкершілік шектеулі серіктестігі бөлімшесінің бастығы Айжамал Жүнісова «Құрмет» орденімен марапатталды.
Жетісу ТЖД № 11 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі Еркебұлан Айтбаев, Алматы қаласы ТЖД № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы Әділ Дауренқұлов, Абай облысы ТЖД № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Ермек Ысқақов. Батыс Қазақстан облысы ТЖД № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Данияр Рахматалиев «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
Сонымен қатар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлеріне жоғары әскери атақтар берді.
Генерал-майор атағын ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов, Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының бастығы Сырым Шәріпханов, Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ерлан Нұрпейісов алды.
Министрдің бұйрығымен төтенше жағдайда көрсетілген қызметтік борышын үлгілі орындағаны және жоғары кәсібилігі, батылдығы мен жанқиярлық ерлігі үшін 346 азаматтық қорғау органдарының қызметкері мен басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері марапатталды.
Жыл басынан бері ТЖМ құтқару бөлімшелері төтенше жағдайлар орнына 22 213 рет шықты, 5134 адамды құтқарды, ТЖ аймағынан 5652 адам эвакуациялады, 1455 адамға медициналық көмек көрсетт
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі