Әрбір өрт сөндіруші – батыр!

Әрбір өрт сөндіруші – батыр!

Ақтөбе қаласы №4 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау сержанты Кощиев Алмат Қабидоллаұлы 1994 жылы 11 қазанда  Ақтөбе қаласы, Қобда ауданы, Ақырап ауылында дүниеге келді.

2014-2015 жылы мемлекеттік күзет қызметінде "Айбын" полкінде  отан алдындағы борышын өтеп,  2016 жылы ең алғашқы еңбек жолын Ақтөбе облысы, Ойыл ауданының өрт сөндіру бөлімінде бастады.

Ақтөбе қаласының №4 өрт сөндіру бөлімінде 2017 жылы 1 ақпаннан бастап  қызметін атқарып бастады. 2020 жылы қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Алматтың айтуынша, өрт кезінде жанып жатқан үйден бірнеше газ балондарын шығарып, адамдарды аман алып шыққан.

Өзінің қызметінде күнделікті өмірде жүздеген, мыңдаған адамға қол ұшын созып, тілсіз жаумен арпалысудан тайынбайды.

Алмат үшін азаматтардың қауіпсіздігі әрдайым бірінші орында. Тәуекелге басын тігу кез-келгеннің қолынан келмейтін іс. 

Қазіргі таңда аяулы жар,  отбасының тірегі, 2 баланың әкесі. Ұлын нағыз ер азамат етіп, елдің баласы болуға бағыттап отырады.

Ақтөбе облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы