Алдын алу шаралары - өртті тұсаулау бойынша бас көмекші

Алдын алу шаралары - өртті тұсаулау бойынша бас көмекші

Көктемгі өрт қауіпті кезеңнің басталуы құрғақ өсімдіктерді жаппай рұқсатсыз жағу себебінен әрдайым өрттердің күрт өсуімен ерекшеленеді.

Көктемгі өрттер шаруашылықтар үшін де, жеке үй жанындағы учаскелер иелері үшін де қалыпты болып келеді.

Осылайша, өрт қауіпті кезеңнің басынан Қостанай облысының аумағында жалпы алаңы 95,7 га жерде 521 мың тг астам залал келтірген 11 орман өрті тіркелді. 430 мың га астам аумақта 140 дала өрті орын алды.

Төтенше жағдайлар департаменті өртке қарсы талаптарын сақтаған кезде ғана өсімдік қалдықтарын жағуға рұқсат берілетінін ескертеді:

өткізу алдында ауыл шаруашылығы алқаптары аумағының ені кемінде 8 метр жолақпен жыртады және ауданы 25 га аспайтын учаскелерге бөледі;

бір өрт сөндіру автоцистернасы немесе бейімделген техника, соқасы бар бір трактор, өрт сөндіргіштер, күректер есебінен өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған патрульдік бекеттер қойылады;

орман алқаптарына іргелес учаскелерде өрт болған жағдайда жұмыс жүргізілгенге дейін бір тәулік бұрын орман иеленушілер хабардар етіледі;

өртеу учаскелеріне іргелес орман алқаптары, орман отын ағаштары, дала қорғау жолақтары ені 8 метрден кем емес жерде жыртылады;

жер жыртылып болғаннан кейін өртті алдын алу үшін 3 сағат ішінде күзетті қою арқылы барлық жану орындары мен жану ошақтарын жою жүргізіледі.

Желдің күші 5 м/с жоғары болған кезде жер жыртуға тыйым салынады.

Саяжай аумағында құрғақ шөпті, қоқысты өртеу кезінде отты абайламай пайдалану, кездейсоқ тасталған темекі жиі қайғылы жағдайға әкеліп соқтырады. Саяжай маусымы басталғаннан бері 12 өрт болды. 1 млн. 138 мың 300 теңге сомасында айыппұл салуға қаулы шығарылды.

Қалдықтарды және қоқысты өртеу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін 70 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Табиғи байлықты, тұрғын үйді сақтау мақсатында Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды саналы болуға және қарапайым өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға шақырады.

Қостанай облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы