Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында азаматтық қорғау органдарының бірқатар ардагері ТЖМ ведомстволық наградаларымен марапатталды.
Көп жылғы еңбегі және азаматтық қорғау органдарының дамыуына қосқан үлесі үшін 5 ардагер төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен «Енбек ардагері» медалімен наградталды.
Сонымен қатар, Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жою кезінде азаматтық борышын орындағаны үшін 11 ардагер «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен наградталды.
Бұдан өзге, бірқатар ардагер «Қазақстандық төтенше жағдайлар органдары ардагерлері ұйымы» қоғамдық бірлестігінің алғыс хатымен, «105 лет советской пожарной охране», «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрметті ардагері» медальдарымен, «Ардагер - Ветеран», «Символ МЧС» төсбелгілерімен, грамотасымен наградталды.
«Қазақстандық төтенше жағдайлар органдары ардагерлері ұйымы» қоғамдық бірлестігі