
Тілсіз жаумен күресу кезінде өз өмірлерін бәйгеге тігіп, кейде тіпті өрт кезінде өздері де жарақат алатын құтқарушы батырларымыз да бар.
Азаматтық қорғау капитаны Утивлинов Саин Мұратұлы 1989 жылы 3-ші ақпанда Орынбор қаласында дүниеге келген.
Саин Утивлинов Ақтөбе қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші лауазымына 2008 жылы орналасқан болатын. Қазіргі таңда еңбек жолын қарауыл бастығы болып жалғастырып келеді. "Мұнай-газ ісі" мамандығын тәмамдаған Саин, өз саласына деген құштарлығының нәтижесінде 2013 жылы М.Ғабдуллин атындағы Көкшетау техникалық институтына қашықтықтан оқыту факультететіне оқуға түсіп, оқуын 2016 жылы тәмамдады. Саин бос уақытында футбол ойнағанды жақсы көреді.
2011 жылы жаз мезгілінде Ақтөбе қаласындағы 312 атқыштар дивизиясы көшесіндегі "Водолей" моншасында өрт оқиғасы орын алып, №2 рангі (шақырту) берілді.
Оқиға орнына №1 мамандандырылған сөндіру бөлімінің құтқарушылары мен өрт техникасы жіберіліп, барған кезде моншаның бу бөлмесінде өрт шығып жатқаны анықталды. ГТҚҚ 1-буыны өртті "Б" өрт оқпанымен сөндіру үшін жіберілді. Моншаның бу бөлмесіне кіреберісте газ-ауа қоспасының ұшқыны пайда болды.
Оқиға кезінде екі қолын күйдіріп алып, 3-дәрежелі күйік алды.
Қиындықтарға қарамастан Саин қазіргі таңда өз жұмысын жалғастыруда.
Ол өз кәсібін мақтан тұтып, өз міндетін атқарудан жалықпайтынын айтты.
Ақтөбе облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы