Арқалықта азаматтық қорғаудың кешенді жаттығулары өтті

Арқалықта азаматтық қорғаудың кешенді жаттығулары өтті

2023 жылғы 3 мамырда Арқалық қаласында басқару органдарымен және қаланың азаматтық қорғаудың аумақтық құрылымдарымен кешенді оқу-жаттығулар өтті.  

Негізгі оқу мақсаты-азаматтық қорғау қызметтерінің, аумақтық және объектілік құралымдардың табиғи және техногендік сипаттағы ықтимал төтенше жағдайлардың салдарын жоюға дайындық деңгейін жетілдіру. 

Арқалық қаласында аумақтық деңгейде кешенді оқу-жаттығулар қала әкімінің орынбасары Е. Раисов пен Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің АҚБ бастығы подполковник Ж. Асылбековтың қатысуымен өтті.

Оқу-жаттығулар басқару органдарын, азаматтық қорғау күштері мен құралдарын дайындыққа келтіру туралы дабылдан басталды. Азаматтық қорғау қызметтері мен жергілікті атқарушы органдар тиісті кіріспе бойынша іс-шараларды пысықтады, олар әрбір құрылым үшін жеке айқындалды.

Оқу-жаттығу барысында Арқалық қаласының шұғыл ден қою жасағының құрылуы мен дайындығын тексеру ұйымдастырылды.

Практикалық іс-әрекеттерді пысықтау үшін екі оқу орны анықталды. Олардың біріншісінде, «Арқалық жылу-энергетикалық компаниясы» МКК химиялық қауіпті объектісінің аумағында жоспарға сәйкес хлор шығарылды.

2-ші оқу орнында, жалпы білім беретін мектептің бір сыныбында шартты өрт болды, зардап шеккендер бар.

Жасақ күштері мен құралдары арқылы жаттығулардың барлық элементтері пысықталды.

Тартылған қызметтер мен құралымдар қойылған міндеттерді орындауға дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті.

 

 

Қостанай облысы ТЖД

Арқалық қаласы ТЖБ