Ешкім де ұмытылмайды

Ешкім де ұмытылмайды

Қарағанды облысында азаматтық қорғау органдары құрылған уақытынан бері өртке қарсы қызметтің 11 қызметкері қызметтік міндеттерін атқару кезінде жанын қиды. Қайтыс болған жолдастарымыз – жасы да ұлты әртүрлі, әртүрлі қызметте болғанымен, олардың барлығына ортақ бір нәрсе – олар біздің отта жүрген адал жолдастарымыз, өмірдегі достарымыз болды, өз міндеттерін абыроймен атқарды.

МИЩЕНКО АНАТОЛИЙ ТРОФИМОВИЧ, ішкі қызмет капитаны, Теміртау қаласының №2 Әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімшесінің қарауыл бастығы. 1926 жылы 10 желтоқсанда дүниеге келген. 1968 жылғы 21 қыркүйекте Теміртау қаласында тұрғын үйдің жертөлесінде болған өртті сөндіру кезінде тыныс алу  аппаратында түтіндік жертөледе жұмыс істеу кезінде есінен танып, ауруханаға жетпей қайтыс болды.

ПЕШКОВ ВАЛЕРИЙ НИКОЛАЕВИЧ, ішкі қызмет прапорщигі, Қарағанды қаласы No5 өрт сөндіру бөлімінің командирі. 1961 жылы 14 маусымда дүниеге келген. Өртке қарсы қызметте 1993 жылдың 14 желтоқсанынан бастап қызмет етті. 1997 жылғы 22 сәуірде Қарағанды қаласындағы №26 кәсіптік лицейдің өндірістік бөлмесінде өртті сөндіру кезінде нашар көрінетін жағдайда, өртке іргелес бөлмелерге барлау жұмыстарын жүргізу кезінде жұмыс істемейтін жүк лифтінің шахтасына құлап кеткен.

БЕЛОВ ИГОРЬ ПЕТРОВИЧ, ішкі қызмет аға сержанты, Қарағанды қаласы №15 өрт сөндіру бөлімінің командирі. 1965 жылы 30 мамырда дүниеге келген. Өртке қарсы қызметте 1993 жылдың 10 қыркүйегінен бастап қызмет етті. 1997 жылғы 3 қыркүйекте Қарағанды қаласында тұрғын үйдегі өртті сөндіру кезінде қатты жану және өрттің тез таралуы салдарынан электр беру желісінің бағаны өртеніп құлаған. Өрт ошағында оқпанмен жұмыс істеу кезінде ол су ағыны арқылы өлімге әкелетін электр тогын алған.

ТІЛЕУҒАБУЛОВ ҚАЙРАТ САРТАЙҰЛЫ, ішкі қызмет капитаны, Қарағанды қаласы кезекші өрт сөндіру қызметі бастығының аға көмекшісі. 1966 жылы 17 қаңтарда дүниеге келген. Өртке қарсы қызметте 1983 жылдың 1 қазанынан бастап қызмет етті. 1998 жылдың 20 ақпанына қараған түні Қарағанды қаласындағы «Қаргормаш» зауытының әкімшілік ғимаратында болған өртті сөндіру кезінде, күрделі ауа райы жағдайында (Т ауа = -28С), қатты желде және жеке құрамның жетіспеуінде жанып жатқан ғимараттың мұзды төбесіндегі ең қауіпті ұрыс алаңың басқарды. Жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде ол шатырдан құлап кеткен. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қайтыс болғаннан кейін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Қарағанды қаласындағы «Күнгей» шағын ауданындағы көшелердің біріне Қайрат Тілеуғабұловтың есімі берілді. Жыл сайын әріптестері мен туған-туыстары Қайрат Тілеуғабұловтың есімімен аталатын көшенің басына орнатылған ескерткіш бағанға гүл шоқтарын қояды.

ЗАХАРЮТА ВАСИЛИЙ ПЕТРОВИЧ, ішкі қызмет прапорщигі, Қарағанды қаласы №1 өрт сөндіру бөлімінің командирі. 1964 жылы 25 мамырда дүниеге келген. Өртке қарсы қызметте 1995 жылдың 25 желтоқсанынан бастап қызмет етті. 1998 жылғы 13 қараша Қарағанды қаласында тұрғын үйдің жанында орналасқан трансформатор мен электр желілері өртенді. Трансформаторды сөндіретін учаскені басқарып келе жатып, ол электр тогынан ауыр жарақат алып, қайғылы қаза тапты. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қайтыс болғаннан кейін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

ӘБІЛДИНОВ РУСЛАН КӘРІМҰЛЫ, ішкі қызмет сержанты, Жезқазған қаласының №42 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлім командирі. 1976 жылы 10 желтоқсанда дүниеге келген. Өртке қарсы қызметте 1999 жылдың 27 мамырынан бастап жұмыс істейді. 2004 жылғы 14 қыркүйек жауынгерлік оқу-жаттығулар кезінде 12 м биіктіктен құтқару жеңімен түсу кезінде құлап кеткен.

ГРЕВЦОВ ДМИТРИЙ АЛЕКСАНДРОВИЧ, ішкі қызмет кіші сержанты, Қарағанды қаласының №15 өрт сөндіру бекетінің өрт сөндірушісі. 1980 жылы 20 шілдеде дүниеге келген. Өртке қарсы қызметте 2001 жылдың 23 тамызынан бастап қызмет етті. 2005 жылғы 17 маусым Қарағанды қаласында тұрғын үйдің ауласындағы шаруашылық құрылыстарының өртенуін жойғаннан кейін өрт сөндіру техникалық қаруды жинап жүріп, электр тоғымен жарақаттанған.

НОВИКОВ АРТЕМ МИХАЙЛОВИЧ, ішкі қызмет сержанты, Қарағанды қаласының Мамандандырылған жасағының аға өрт сөндіруші-құтқарушысы. 1978 жылы 6 қарашада дүниеге келген. Өртке қарсы қызметте 2004 жылдың 12 қарашасынан бастап қызмет етті. 2007 жылғы 26 шілдеде Қарағанды қаласында көп қабатты тұрғын үйдегі пәтерде өрт орнын барлау кезінде жылдам және қарқынды өрт бүкіл пәтерге таралып, шығу жолын кесіп тастады. Өмірге сәйкес келмейтін дене жарақатын алған Новиков Артем оқиға орнында қайтыс болды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қайтыс болғаннан кейін 3-дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

БАЛАБАШИН РОМАН ОЛЕГОВИЧ, Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамы филиалының Теміртау қаласындағы №14-ӨСБ қарауыл бастығы. 1980 жылы 14 қыркүйекте дүниеге келген. ӨПБАЕВ ТҰЯҚ СОЦИАЛҰЛЫ, Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамы филиалының Теміртау қаласындағы №14-ӨСБ аға өрт сөндірушісі. 1972 жылы 21 қаңтарда дүниеге келген. 2012 жылғы 15 мамырда «Арселор Миттал Теміртау» АҚ агломерациялық цехында болған өртті сөндіру кезінде, үлкен аумақты шарпыған өрт пен күшті түтіннің ең қиын жағдайында жұмыс істеп, адамдардың өмірін сақтап қалу кезінде өмірге сәйкес келмейтін күйік жарақаттарды алды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қызметтік борышын үлгілі орындағаны, заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етуде көрсеткен ерлігі мен табандылығы, ерлігі мен табандылығы үшін Роман Балабашин мен Упбаев Тұяқ қайтыс болғаннан кейін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

2013 жылы Теміртау қаласында «Өрт сөндіруші» АҚ №11 ӨСБ ғимаратының жаныңда «Арселор Миттал Теміртау» өндірісінде өртті сөндіру кезінде қаза тапқан өрт сөндірушілер – Балабашин Роман мен Упбаев Тұяққа арналған ескерткіш обелиск ашылды.

2009 жылы Қарағандыда No1 өрт сөндіру бекетінің аумағында қаза тапқан өрт сөндірушілерді еске алуға арналған мемориал ашылды.

Адамның ең асылы – өмірін өзгелерді аман алып қалу жолында құрбан болған әрбір әріптестің бейнесін, игі істері мен ерліктерін жүрегімізде сақтаймыз.

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі