Жетісу облысында ашық есік күні өтті

Жетісу облысында ашық есік күні өтті

Жетісу облысы ТЖД бөлімшелерінде облыстың балабақша тәрбиеленушілеріне арналған Ашық есік күні өткізілді, онда 5-6 жастағы балалар техникалық жарақтандыруды, құтқарушылардың жұмысын, киім-кешектерді көріп, өрт сөндірушілердің жұмысымен танысты.

ТЖД қызметкерлері балаларға автокөліктермен жабдықталған және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін пайдаланылатын авариялық-құтқару құралдарын көрсетті.

Бұл мереке күні балалар өздерін кішкентай өрт сөндірушілер сияқты сезінді, өйткені, оларға өрт сөндіру машинасына отыруға, өрт оқпанын ұстауға және өрт сөндірушілердің арнайы формасын киіп көруге мүмкіндік берілді.

 

Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі