
Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмыстары қызметінің №7 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы Әлішер Сақылбек азаматтық қорғау органдарында 2021 жылғы ақпаннан бастап қызмет етеді. Қысқа мерзімге қарамастан, ол ең қиын өрттер мен құтқару жұмыстарында өзінің ең жақсы қасиеттерін бірнеше рет көрсетті.
Оның сауатты жұмысының соңғы мысалдарының бірі 2023 жылдың 10 қаңтарында болған өрт оқиғасы болды. Сағат 19:06-да Қарағанды қаласында Республика даңғылы бойындағы өрт туралы хабарлама келіп түсті.
Шақыру орнына келген соң жоғарғы қабаттардағы пәтерлерден құтқару жұмыстарына кірісті. 6-қабаттағы пәтерге кірген кезде өрт сөндірушілер еденде жатқан қарт әйелді тапты. Олар оған алғашқы медициналық көмек көрсетті. Әйел есін жиғаннан кейін, құтқару қалпағын пайдаланып, оны таза ауаға, далаға шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған.
Азаматтық қорғау кіші сержанты Әлішер Сақылбек пен оның әріптестерінің шешуші және сауатты әрекеттерінің арқасында қарт әйелдің өмірі құтқарылды.
Қарағанды облысы
ТЖД баспасөз қызметі