Елордалық өрт сөндірушілер арасында «Жігіт сұлтаны -2023» байқауы өтті

Елордалық өрт сөндірушілер арасында «Жігіт сұлтаны -2023» байқауы өтті

2 мамырда "7 мамыр-Отан қорғаушылар күні" мерекесі қарсаңында елордалық өрт сөндірушілер арасында "Жігіт сұлтаны - 2023" байқауы өтті. Байқауға елордалық ТЖД өрт сөндіру бөлімшелерінің 18 өрт сөндіру-құтқарушылары қатысты. Аталмыш байқаудың алғаш рет өтіп жатқанын айта кету керек. Таныстыру, өнер, интеллектуалдық сұрақтарға жауап беру, бейне ролик және ұлттық бұйымдардың жасалу жолын көрсету сияқты 5 бөліктен тұратын байқауда үздіктерді анықтау үшін 5 адамнан құралған әділқазылар алқасы бағалады. Қазылар қатарында жергілікті атқарушы органдар, Адами әлеуетті дамыту және мемлекеттік тілді дамыту басқармасының мамандары мен Өрт сөндіру қызметі мен бастығы Назарали Селимов болды.

Ең үздік қатысушыны анықтау оңай болған жоқ. Дегенмен де, әділ қазылар алқасының шешімімен барлық өрт сөндірушілер "Батыл жігіт", "Шешен жігіт", "Сабырлы жігіт", "Өнерлі жігіт" секілді түрлі номинациялармен марапатталып, ал "Жігіт сұлтаны-2023" 5-МӨСБ аға өрт сөндірушісі Елдар Канафиянов атанды.
      

Барлық қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Астана қ. ТЖД баспасөз қызметі